«Ренессанс Шымкент» наркологиялық орталығында нашақорларды оңалту
Маскүнемдік пен нашақорлықты клиникада емдеу кезеңге бөлінген процесс. Абстиненция синдромдарнын шешекеннен кейін дәрігерлер тәуелді адамдарға медициналық және психологиялық реабилитациядан өтуді ұсынады. Ол интоксикациялық психоздар, салынып ішулер, шамадан тыс қолдану, депрессия, делирия, дене сынуын мәңгілікке ұмытуға көмектеседі. Бұл мақсат үшін жеке меншік реабилитациялық орталықта аддиктологтар мен психологтар «12 қадам» негізінде өмірді түбегейлі өзгертетін бағдарлама құрастырды. Нұсқаулықты құрастырған кезде мамандар Минессоталық әдісті, Маршак әдісін, Стивен Кови еңбектерін, өз тәжірибесін қолданды. Нәтижесінде 75% кепілдік беретін бағдарлама шықты.
«Ренессанс Шымкент» наркологиялық орталығындағы емделу мен реабилитация
Көп жағдайда тәуелділер патологиялық әдеттерден өздері құтылып, өмірін өзгертуге дайын емес. Егер адамдар өз өміріне жауапкершілік алып, өзгерткілері келмесе онда дәрігердер оны өзгерте алмайды. Жақсы нәтиже тек кешенді емден кейін және толық реабилитацияны өткен кезде ғана болады.
«Реабилитация» сөзі латын тілінен «қайта үйрену» дегенді білдіреді. Яғни процессті толық өту дегенді білдіреді. Мәселеге кешенді көзқарас резиденттерге қайтадан өмірге үйреніп, өмір қиындықтарын алкоголь мен стимуляторсыз өткеруге жәрдемдеседі.
Орталықтағы нашақорлар мен маскүнемдердің реабилитациясының принциптері
Ол үшін реттелген механизм секілді жұмыс істейтін жүйе құрастырылған.
Ол медициналық реабилитацияның сан алуан түрлерін өз ішіне енгізеді. Басымдылық әдістерді диагноз бен пікірлердің негізінде таңдауға беріледі.Бағдарламаның өз ішіне енгізеді:
- кешенді психодиагностика; психофармакотерапия;
- Психоактивті заттар мен алкогольді қолданудан бас тарту үшін психологиялық доминантаны қалыптастыру жұмыстары;
- Сауығып кел жатқан адаммен жекелей жұмыс;
- Патологиялық ұмтылысты кодтау арқылы тоқтату.
Отбасылық және әлеуметтік психотерапия.
Нашақорлар мен маскүнемдердің реабилитациясының медициналық және әлеуметтік кезеңдері.
Осындай кешенді кірісудің арқасында резиденттердің физикалық және психологиялық жағдайы жақсарады, толық емделіп шығады деген үміт пайда болады. Процесс абстинентті синдромдарды алып тастаудан басталады, ағза функциялары қалпына келтіріліп, психотерпиялық әдістемелер орнына келеді. Нашақорлық пен маскүнемдікті емдеу 5 кезеңнен өтеді.
Уәждеме (мотивация)
Бірінші кеңестен басталады, психологтар зиянды әдеттен арылту үшін кәсіби емді қабылдауға сендіреді. Олар мұндай науқастармен жұмыстағы ең ауыры - санасын, өз-өзіне деген қарым-қатынасын өзгерту, күйзелісті өз күшімен экологиялық түрде шешуге үйрету.
Адаптациялық
Бұл психологпен топтық және жекелей жұмыс уақыты, өз мәселесін қабылдап, түсіну, зиянды заттар мен алкогольдік сусындарды қабылдау себебін білу. Реабилитацияда нашаға тәуелділерді ұжымда, жақын адамдармен коммуникация дағдыларын дамытуға, басқаша ойлауға үйретеді.
Тұрақтандыру кезеңі
Адамдар жаңа мінез-құлық моделдерін, тиімді әдеттерді орындай жүріп, практикада тұрақтандырады. Психологтар ұжымның ішінде қорқыныш, күйзеліс, үрейлі күйді жеңіп шығу техникаларын игертіп, орындатады.
Дайындық
Мәні бойынша, тәуелділер үшін бұл қорытынды кезең. Емделушілерді жақындары үшін жауапты болуға, ұжымда өмір сүруге, басқалардың да берілген міндеттерді орныдауын қадағалауға үйретеді.
Ығыр қылатын ойлардан басқаларға ауысу үшін спортпен, еңбек терапиясымен, шығармашылықпен айналысады. Өздерінің күшіне орай жүктемелер:
- Физикалық дененің қалпына келуі;
- Жақсы әдеттерді қалыптастыру;
- Зиянды заттарды құндылықтар жүйесінен алып тастау;
- Жаңа басымдықтарды табу.
Реабилитациядан кейінгі
Бұрынғы резиденттер қоғам мен отбасыда бейімделеді, жаңа тәртіпте өмір сүреді. Қайтадан зиянды әрекеттерге оралмау үшін белгілі мерзім сайын психологпен қатынасады. Клиникада тәуелді адамдардың жақындарымен жұмысқа үлкен мән беріледі, қайтадан қиянды әрекеттерге салынып кетудің себептерін психологтар атап өтеді.
Неврология реабилитациялық орталығында сауығып келе жатқандар үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда әр түрлі саланың дәрігерлері жұмыс істейді, олар тәуелділіктен анонимді түрде құтылтып, өмірдегі орнын табуға көмектесу деген бір ортақ мақсаттың арқасында қосылған.Кәсіби құзыреттілік және кешенді тәсіл ең жақсы нәтиежелерге жетуге кепілдік береді.