icon

Жыл сайын алкогольді қолдану салдарынан жүз мыңдай маскүнем адам өмірден өтеді. Мұндай сценарийді болдырмауға «Ренессанс Шымкент» наркологиялық орталығындағы терапия көмектеседі. Алкогольдік тәуелділікті бастапқы да және соңғы да кезеңдерде тиімді емдеу. Статистика бойынша резиденттердің 75% саналы түрде тәуелділіксіз өмірге оралады.

Орталықтың бағдарламалары

Жеке меншік диспансерде наркологтар, аддиктологтар, психологтар, психитерапевттер, физиотерапевттер жұмыс істейді. Науқастарға зиянды әдеттерден құтылу үшін дәрігерлер маскүнемдікті емдейтін еуропалық және авторлық әдістерді қолданады.Олар өз ішіне:

  • қанды метаболиттерден емдеу үшін детокс-бағдарламаны;
  • дене қалыбын жақсартатын дәрілік әдістерді;
  • психотерапиялық коррекцияны;
  • әлеуметтік адаптацияны енгізеді.


Алкогольдік сусындарды ұзақ қолданған кезде мамандар реабилитация бағдарламасынан өтуге кеңес береді. Бұл маскүнемдіктің әсерлерін психологиялық емдеу үшін қажет, әлеуметтік мінез-құлықтарды қайта қалпына келтіру үшін маңызды.

Терапия қалай өтеді?

Наркологияда абстинентті синдромдар мен оның ауыртапшылықтарын емдеу үшін барлық жағда жасалған. Курсты этанол затымен интоксикация деңгейіне, қолдану ұзақтығына, қосымша ауруларға байланысты тағайындайды. Маскүнемдіктің соңғы стадияларында гепатит пен цирроз, кардиомиопатия, кардиосклероз дамиды. Ұйқы безі, қан тамырлары, менталды функциялар ауыр жағдай кешеді. Тәуелді адамда металкогольдік психоздар, депрессия, жүйке жүйесінің зақымдалуымен бірге энцефалопатия дамиды. Ауыр интоксикация өлімге әкеп соғцы мүмкін.

Фармакотерапия

Зертеулердің нәтижесі бойынша әрбір науқасқа маскүнемдікті емдейтін индивидуалды жеке протоколы құрастырылады. Жағдайды қалпына келтіру үшін дәрілік терапияны қолданады,инфузионды-детоксикациялық іс-шаралар ағзадан токсиндерді шығарып, электролиттік балансты қалпына келтіреді. Бұл үшін плазманы ауыстырғыш ерітінділер, кристаллоид, тұз ерітінділері қолданылады. Қосымша науқастарға:

  • Энтеросорбенттер, диуретиктер, құсуға қарсы дәрілер;
  • Токсикалық кетаболиттермен жарақатталған бауырдың жұмысын реттейтін гепатопротекторлар;
  • Мидың тамырларына арналған ноотроптар; 
  • Қан қысымын реттеп, тұрақтандыратын, кардиопатия белгілерін басатын дәрілер;
  • Эсоционалды жағдайды қалпына келтіру үшін психотроптар қолданылады.

Психологиялық әсер ету

Нашақорлық пен маскүнемдікті емдеуде психотерапияның орны ерекше. Абститнентті синдромдарды шешкеннен кейін науқасты реабилитацияның басқа да кезеңдерінен өтуге көндіру маңызды. Бұл жерде психологиялық интервенция көмектеседі. Ол маскүнемдіктен арылу үшінмотивация табуға көмектеседі. 
Тәуелді адамдармен жүргізілетін әңгімелер терапиялық бағдарламаның белгілі бір бөлігін құрайтын әңгімелер мен дәлелдерге құрылған. Әрбір адам үшін психологтар рационалды терапияны құрастырады.
Бұл әдістің арқасында науқастар:

  • Ойын өзгертеді;
  • Тәуелділігін мойындайды;
  •  Өздерінің істері үшін жауапкершілік алады;
  • Қоғамда әлеуметтенуді қалайды.

Маскүнемдіктен кодтау

Бұл әдісті клиникада салынып ішкен адамдарға әлеуметтік реабилитацияның алдында, қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда қолданады. Суггестивті және дәрілік әдістер адамға психологиялық, физиологиялық деңгейде әсер ету үшін қолданылады. Маман санаға гипнотикалық түрде әсер етеді, ағзаға 1-3 жылдың арасында алкогольді қабылдамауға нұсқауланған орнату береді. 

Маскүнемдікке арналған емдеу және алданы алу шараларында кешенді әдіс тиімді. Довженко әдәсә бойынша психотерапия өзін-өзі жоюдан қорғайды. Сонымен қатар нарколог эйфорияға жауапты опиоидті рецепторлардың блокадасы үшін налтрексон инъекцияларын қолданады. Дисульфирам және олардың туындылары, алкогольдік метаболизмді бұзатын заттар тиімді.

Алкгольді қолданғаннан кейін медикаменттер құсқызады, кеуде ауырады, басқа да жағымсыз сезімдер тууы мүмкін. Алғашқы кезеңде аппараттық кодтау үшін лазер ұсынылады. Генерацияланған сәулелер белгілі орталықтарға әсер етіп, ішімдікке деген атартылысты төмендетеді. Егер жақыныңыз ауыр жағдайға ұшыраса, тегін кеңес алуға жазылыңыз. Кеңес кезінде нарколог-психолог терапия әдістері, бағдарламасы, бағасы туралы айтып береді.

 

Жаңа пікірді жазу