Жұмыс уақыты
-
Тәулік бойы:
Демалыссыз:
Біздің байланыс
Сұрақ қою
Реабилитация
Нашақорлық пен маскүнемдіктен кейін реабилитациядан өту зиянды әдеттен арылудың маңызды факторы болып табылады. Адам жаңадан туғандай болады, өмірге деген құштарлық оянады, ол пайдаоы таныстықтар оранатады, жақсы жұмысқа орналасады. «Ренессанс Шымкент» реабилитацилық орталығындағы психологиялық оңалту жеткен нәтжені тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тәуелділерді әлеуметтендіру психология саласындағы кәсіби әрі білікті мамандармен жүргізіледі.
Реабилитация өз ішінде нені құрайды?
Нашаға тәуелдәлер мен маскүнемдерді емдеу мен реабилитация 100-пайызыдық нәтиже береді. Егер мемлекеттік клиникаларда нашақорлар мен маскүнемдердің тәуелділіктен дене сынуын емдеп, физиологиялық тәуелділіктен арылуға көмектессе, жеке реабилитациялық орталықта емнің басқаша түрі қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда, адамдарға клиниканың қабырғаларынан да тыс нашасыз және алкгольсіз қалыпты өмірге оралуына көмектесеміз.
Жақсы нәтижелер үшін медициналық реабилитацияның сан алуан түрлері кездеседі. Нақты әдіс тәуелді индивидтің психотипіне орай таңдалады. Кейбіреуіне бірнеше жекелей әңгіме жеткілікті болса, басқаларына еңбек терапиясы мен топтық сеанстар қажет.
Нашақорлар мен маскүнемдердің алкогольдік әлеуметтік реабилитациясы нақты мәселені шешеді – емделушілерге замануи қоғамға қайта енуге жәрдемдеседі. Себебі зиянды әдеттен арылған нашақорлар мен маскүнемдер көп жағлайда қарапайым өмірге орала алмай жатады. Олар тұйық, әңгімеге дайын емес, халық алдында көзге түспеуге тырысады. Сондықтан өте жиі рецидивке әкеп соғып, бұрынғы тәуелді өмірге қайтадан әкелетін зиянды әдеттер қайта пайда болады.
Реабилитацияның маңыздылығы жайында
Нашақорлар мен маскүнемдердің реабилитациясы өз кезегінде наркологтар, психологтар, психотерапевттердің ұжымдық жұмысын қажет етеді. Олар бірегей мәселені шешешді, ол: адамды клиникадан тыс күнделікті өмірге қайта оралту. Себебі емделгеннен кейін қалады:
- қоршаған адамдарға сенімсіздік;
- жақындарға келтірілген ауырпалықтар үшін ұят сезімі;
- тұйықтық, жалғыз болуды қалау сезімі;
- өзінің «менімен» келіспеушілікте болу.
Нашақорла мен маскүнемдер үшін реабилитация жоғарыда айтылған мәселелерден арылуға көмектеседі. Жеке меншік реабилитациялық орталықта олардың мандай біліктерін дамытады:
- жауапкершілік,
- тәртіп,
- өзінің жеке қажеттіліктерін дамыту;
- сыйластық (тек жақын туыстарына, достарына, таныстарына ғана емес, өзіне де);
- «нашақорлар әлеміне» тәуелділіктен арылу,
- Тұлғаның жалпы дамуына жағымды әсер ететін дұрыс және жақсы шешімдерді қабылдай білу;
- өмірдің қиыншылықтарын алкоголь мен нашасыз өткеру.
Нашақорлық пен маскүнемдікті емдеу кешенді әдістерді қажет етеді. Дене тәуелдлігін емдеп, детоксикация өткізгеннен кейін пацинтепен психиатрия мен психотерапия саласындағы мамандар жұмыс істейді. Олардың көмегңмен адам күнделікті өмір тәртібіне оралып, жұмысқа орналасады, жеке қарым-қатынастарды реттейді, жаңа қызығушылықтар ойлап табады.
Реабилитация тәсілдері
Біздің реабилитация орталығы сан алуан медициналық реабилитацияның кезеңдерін ұсынады.
Гипноз бен кодтау қолданылады.
Стационардағы емдеу психотерапевттің топтық және жеке жұмыстарымен бірге жүргізіледі. 12 қадамға негізделген бағдарламалар, сонымен қатар Минессоталық модель белсенді түрде қолданылады.
Реабилитацияның қоысмша тәсілдері:
- арт-терапия;
- еңбек терапиясы;
- отбасылық терапия;
- аутогендік релаксация.
«Ренессанс Шымкент» реабилитациялық клиникасында емдеу әдісі жасына, жынысына, нашақорлақ немесе маскүнемдік ке салынудың ұзақтығына орай таңдалады. Емделуден кейінгі пациенттің психолигиялық жағдайына да көп көңіл бөлінеді. Кез келген жағдайда реабилитацияның максималды тиімді бағдарламасы таңдалады.
Біздің дәрігерлер нашақорлық пен максүнемдікті тек емдеп қана қоймай, пациенттерді қалыпты өмірге қайтарады, қоғамға қайтадан кірігуіне жәрдемдеседі. Реабилитация инфрақұрылымы дамыған, пациенттер өзін неғұрлым жайлы әрі еркін сезіне алатын заманауи клиникада жүргізіледі.
Бұл сұрақ сіздерді еш жағдайда толғандырмау керек, өзіңіздің жақын адмыңыздың тәуелділігін аз деп санауға болмайды, себебі тәуелділік ұғымы өз ішінде бөлінбейді. Және де өте жиі олар бір-бірімен тоғысып, ерте ме кеш пе тәуелді адам кәсіпқой маманға жүгінбеген жағдайда жоғарыда аталғандардың барлығын татып көреді,
Оратлықта білікті мамндар, психологтар мен консультанттар жұмыс істейді. Сіздің тәуелді туысыңыз бағдарламадан өтіп, жоққа шығарудың әр түрлі кезеңдерінен өтуі мүмкін, оның ішінде сізге деген реніш пен жек көрушілік те бар, бірақ мұның барлығы байсалды өмірге жету кезеңдері, сондықтан алаңдамағаныңыз жөн. Бұл қорқыныш сезімімен күресуге сізге біздің реабилитациялық орталықтың тобы жәрдемдеседі.