Жұмыс уақыты
  • Тәулік бойы:
    Демалыссыз:
Біздің байланыс
Сұрақ қою
CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.

Маскүнемдікті емдеу

Маскүнемдікті емдеу

Алкогольдік ішімдікке салынуды өздігінен арылуға оңай болатын қарапайым зиянды әдет деп ойлайды. Бірақ та уақыт өте ілкогольді ішу тәуелділікке айналады. Маскүнемдікті кәсіпқой мамандар арқылы зерттеу кешенді тәсілді қажет етеді. Алдымен ағзадан шлактар мен токсиндерді шығарып, оны нығайту керек, ал содан кейін ауру адамды әлеуметке үйрету, яғни қоғамға деген адаптация жүргізіледі.

Алкогольдік ішімдікке деген тәуелділіктің кезеңдері

Дәрігерлер алкогольдік тәуелділіктің үш кезеңін атап өтеді:

  • Бастапқы (бірінші). Адамда алкогольдік ішімдікке деген толеранттылық дамиды. Бұрын ол демалыс күндері мен мерекелерде ішіп жүрсе, енлі спирттік ішімдіктер әдетке айналады. 
  • Екінші. Ішілген алкогольдің мөлшерін қадағаламаумен мінезделеді. Оған деген төзімділік арта түседі.алкогольдік ішімдікке тәуелділікті емдеу қажет болады.  
  • Үшінші (салынып үшу кезеңі). Бұл орайла төзімділік төмендейді. Дегенмен алкогольдік ішімдіктерді қолдану күнделікті әрекетке айналады. Адамға бұл тәуелділікпен күресі қиынға соғады, толыққанды ауру дамиды.

Маңызды: маскүнем өзін ауру деп санамайды. Оған наркологтың көмегі ұсыныоса, ол бас тартады. Сондықтан көп нәрсе жақындар мен туыстарға байланысты. Олар алкоголизмді емдеуге көмектесу керек. Бірінші қадам – «Рекавери Шымкент» нарклогиялық клиникасына бару.

Маскүнемдікті емдеуде қолданылатын әдістер

Дәрігерлердің қарамағында алкоголизмді емдеудің сан алуан әдістері бар. Дәрігерлер аппараттық және дәрілік әдістерді қолданады. Жекелей және топтық психотерапия сеанстарын өткізеді.Онымен қоса дәрігерлер алкоголь иммунитетті қатты төмендететіндіктен жалпы ағзаны нығайтатын дәрілік препараттарды емделушіге тағайындайды.

Әсіресе маскүнемдікті емдеуде психотерапия өте тиімді болып келеді. Ол аурудың «тамырын» алып тастағандықтан толықтай ауруды емдеуге мүмкіндік береді. Психотерапиялық сеанстарда адамдар ауруға әкеп соқтырған себептерді анықтайды. Мысалы, маскүнемдікке ауыр жұмыс әкеп соқтырса, онда психотерапевтке емделушіні мүмкіндігінше жұмыс орнын ауыстыруға көндіру керек. 

Емделудің өте тиімді тәсілі – маскүнемдіктен кодтау. Дәрігер алкогольдік сусындарға деген жиіркеніштілік сезімін тудыратын арнайы препарат-блокаторларды таңдайды. Белсенді түрде гипноз техникасы қолданылады. Әрине, кодтаудың өзінің қарсы көрсеткіштері бар болғандықтан, оның алдында міндетті түрде кеңес өткізіледі.

Маскүнемдікті емдеудің кезеңдер

Салынып ішкен кездегі маскүнемдікті емдеу кезеңдері ұзарады. Себебі адам маскүнемдіктен арылу үшін кешенді тәсіл қажет болады. Тәуелділіктен бір уақытта едеп беретін сиқырлы дәрі болмайды. Сондықтан ең тиімді ем «Рекавери Шымкент» клиникасының диспансерінде жүргізіледі. 
Біздің дәрігерлер маскүнемдіктің емі мен алдын алуын келесі кезеңдермен өткізеді:

  • Абстинентті синдромды тоқтату. Тамшылау арқылы шлактар мен токсиндер шығарылып, дәрумендер мен басқа да ағзаны нығайтатын препараттар тағайынжалады. Керек кезінде жүйке жүйені ұалпына келтіру мақсатымен емделушіге транквивлизаторлар, нейролептиктер, антидепрессанттар беріледі. Бұл кезеңде маскүнемдіктің психологиялық және физиологиялық пайда болу салдары емделеді.
  • Психофармакотерапиялық емделу. Емделушімен белгілі бағыттағы дәріерлер, сонымен қатар дәрігерлер жұмыс істейді.
  • Реабилитация, әлеуметтендіру. Маскүнемдіктен арылу  - бұл тек бірінші кезең. Емдеудің соңғы кезеңінде бұрынғы маскүнемді қоғамға үйреткен өте маңызды. Реабилитация кезеңінде ол туыстары, достары арасындағы қатынасты қалпына келтіреді, өмірдің дәмін қайта сезінеді. Жаңа жұмыс, хобби, махаббат табуға қалаулары пайда болады.

«Рекавери Шымкент» клиникаларында емделушіге деген жекелей қатынас қолданылады. Маскүнемдікті емдеу әдістемесі бірқатар факторларға тәуелді: адамның жас мен жынысы, алкогольдік ішімдікті қолдану ұзақтығы, ағзаның жалпы жағдайы, т.б. Емделудің бағасы да жекелей сөйлесіледі. Дәрігерлердің әлемдік наркологтар бірлестігімен ұсынылатын әдістемелерін қолданғандықтан ем өте нәтижелі өтетіні маңызды.

Дәрілік преапараттар маскүнемдікті толықтай емдемесе де, олар адамдарға көп дәріні пайдаланбауға көмектеседі. Осылайша дәрілер басқа емдеу әдістеріне жәрдемдеседі.

Қандай түрі болса да алкоголь адамның физикалық, психикалық денсаулығына зиянды әсер етеді, осылайша сыралық маскүнемдіктің басқа да алкогольдік сусындарды қолднаған кездегі маскүнемдіктен еш айырмашылығы жоқ.

Алкогольді көп ішу салдарынан алкогольдік психоздар пайда болады. Бірнеше жиі тараған психикалық ауруларды атап өтуге болады – алкогольдік делирий, алкогольдік параноид, галлюциноз, алкогольдік параноид, басқа да алкогольдік энцефалопатиялар, сонымен қатар алкогольдік депрессия. 

Сұрақ қою